Батыс Қазақстан облысы шегіндегі Жайық өзені алабының сол жағалауындағы су нысандарына геохимиялық талдау
Кілт сөздер:
геохимический анализ, бассейн реки, поверхностная, природная вода, химические соединения, загрязняющие вещества, пробы водыАңдатпа
Бұл мақалада қазіргі күні өзекті мәселелердің бірі антропогендік әсердің өзен алабына
әсері және оның салдарынан химиялық элементтердің санының артуына әкелетін мәселе
қарастырылған. Мұндай ластану адамға және су нысандарына теріс әсерін тигізетін күтпеген
жағдайларға әкелетіні сөзсіз. Қоршаған ортаның ластануының нәтижесінде улы заттар, улы
элементтер пайда болады. Мұндай ластағыштарға қорғасын, кадмий, мыс, мырыш, темір, т.б.
жатқызуға болады. Қазіргі заманғы адам ықпалының негізгі қаупі шексіз адам қажеттіліктері мен
табиғаттың шектеулі әлеуеті және шексіз ғылыми, техникалық мүмкіндіктердегі сәйкессіздікте
жатыр. Осыған байланысты өзен алабы су нысандарын геохимиялық талдау, басқару және белгілі
бір шекарада өз дамуының ерте сатысында қоршаған ортаның ластануын болдырмау қажеттілігі
туындайды. Бұл жағдайда, зерттеу нысаны Батыс Қазақстан облысы Жайық өзені алабының
сол жағалауындағы аумақ болып табылады. Сондықтан, мақалада Жайық өзені алабының сол
жағалауындағы су нысандарының химиялық қосылыстарының сипаттамаларын талдайтын он төрт
негізгі аумақтан алынған табиғи, жер үсті су үлгілері көрсетілген. Зерттеулер сынақ зертханасы
деректері негізінде жүргізілді, Ca, Mg, SO4
2-, Mn, Fe, Na және K, хлоридтер және қаттылық
сияқты химиялық элементтердің су нысандарындағы шекті рауал концентрациясы анықталды.
