Шығыс Қазақстанда маусымдық жауын-шашынның биік барикалық алқаптары мен атмосфера циркуляциясы сипаттамалары мен статистикалық байланыстары
Кілт сөздер:
сезонные осадки, среднее квадратическое отклонение, коэффициент вариации, асимметрия, эксцесс, тренды, коэффициент корреляции, значимость коэффициента корреляции для пятипроцентного уровня значимостиАңдатпа
Жылдың жылы кезеңінде атмосфералық айналымның түрлі сипаттамаларының маусымдық
жауын-шашынның синхронды және асинхронды корреляциясын анықтау осы шаманы болжау
үшін физикалық-статистикалық модельдерді жасауға мүмкіндік береді. Зерттеудің негізгі
мақсаты Шығыс Қазақстанда орташа маусымдық жауын-шашындардың жиынтығының
Солтүстік жарты шардағы торының түйіндерінде барикалық алқаптың және атмосфера
айналымы сипаттамаларының синхронды және асинхронды корреляциялық статистикалық
байланыстарын бағалау мен салыстырмалы талдау болып табылады. Осындай сипаттамалары
ретінде: болжаудың физикалық және статистикалық модельдер қолдануға мүмкін болатын
Солтүстік Атлантикалық тербеліс индексі және М.Х. Байдал бойынша айналымның түрлерінің
байқалу күндердің саны алынды. Түрлі ауа-райы сипаттамаларының болжамдары физикалық
және статистикалық модельдері белгілі бір предиктор жиынтығынан тұратын сызықтық көптік
регрессия теңдеулер негізінде құрылады. Осындай байланыстар регрессия теңдеуіне кіретін
маңызды корреляциялық байланысы бар предикторлары мен болжанатын шамалар арасындағы
корреляция коэффициентін есептеу көмегімен жиі белгіленеді. Зерттеуде айналымның әр
түрлі сипаттамалары Шығыс Қазақстан аумағына орташаланған маусымдық жауын-шашынның
корреляциялық байланыстары бағаланды. Шығыс Қазақстан аумағының орташа маусымдық
жауын-шашындардың жиынтығы «аз нормалары», «норма» мен «нормадан жоғары» класс
бойыншы жіктелді, әр класстың қайталанушылығы анықталды және 1,2 Sx жоғары маусымдық
жауын-шашындардың каталогы жасалды.
