1970–2015 жж. Қазақстанның шығысында жауын-шашынның орташа маусымдық жиынтығының статистикалық құрылымы мен өзгеру тенденциясы
Аңдатпа
Қазақстанның аумағындағы орташа маусымдық жауын-шашынның өзгеру тенденцияларының
сипаты әртүрлі болуы мүмкін және республиканың егіс алқаптарының құрылымына әсер етуі
және өзгертуі мүмкін. Зерттеудің негізгі мақсаты соңғы онжылдықта жауын-шашынның
орташа маусымдық жиынтығының статистикалық сипаттамаларын салыстырмалы талдау мен
өзгеру тенденцияларын бағалау. Жұмыста Шығыс Қазақстанның алты станциялары бойынша
көктем, жаздың бірінші және екінші жартысына жауын-шашынның орташа маусымдық
жиынтығының өзгергіштік сипаттамалары, яғни орташа квадраттық ауытқу (ОКА) және вариация
коэффициенттері есептелді. Жауын-шашынның орташа маусымдық жиынтығының қалыпты
таралуының сипаттамалары (асимметрия және эксцесс коэффициенттері) бағаланды, сонымен
қатар Аягөз, Бақты, Катон – Қарағай, Павлодар, Семей, Өскемен станциялары бойынша
көрсетілген маусымдарға және орташаланған Шығыс Қазақстанның аймағы бойынша жауын-
шашын жиынтығының таралу гистограммалары салынды. Аталған әр станцияларға жеке және
Шығыс Қазақстан аймағы үшін орташаланған жауын-шашын жиынтығының өзгеру тенденциясы
анықталды. Көктем, жаздың бірінші және екінші жартысында маусымдық жауын-шашынның
өзгеру тенденциясы маңызды және маңызды емес өсуін көрсетеді, орташаланған аймақ
бойынша – соңғы онжылдықта жауын-шашынның орташа маусымдық жиынтығының барлық
қарастырылған жылдың жылы кезеңінде маңызды өсуі байқалды.
