Жайық-Каспий алабындағы су ресурстарының жеке су-шаруашылық учаскелерінің сценарийлік болжамдары
Кілт сөздер:
водохозяйственные участки, сценарные прогнозы, осадки, температура воздуха, уравнение регрессии.Аңдатпа
Жайық-Каспий алабындағы су ресурстарының жеке су-шаруашылық учаскелері бойынша
сценарийлік болжамдарын жасау мүмкіндігі қарастырылды. Қазіргі заманғы климатты
сипаттау үшін негізгі кезең ретінде 1980-2000 жж. аралығы алынды. 21 ғасырдың климатының
сипаттамасын жасау үшін Казгидрометте С.А. Долгих қол жеткізген нәтижелер бойынша 2050
жылға дейінгі климатының жаңартылған проекциялары қолданылды. Болжау әдісінің негізі
ретінде көктемгі су тасу шамасының топырақ ылғалдылығы мен еру алдындағы қарда сақталған
су қорына тәуелділігі алынды. Жердің жанама ылғалдығының көрсеткіші ретінде қыркүйек пен
қазан айларындағы күздік жауын-шашын мөлшерінің қосындысын алу қажет, ал қардағы су
қорының көрсеткіші ретінде қараша мен наурыздың аралығындағы жауын-шашын мөлшерлерінің
қосындысын алу қажет. Жылдық жиынтық ағындысы көктемгі ағынды шамасына байланысты
анықталған. Болжау тәуелдігінің сапасы S/Ϭ критерийі бойынша бағаланды. 10 учаске үшін
қанағаттанарлық тәуелділік алынды. Жайық-Каспий су-шаруашылық алабының климатының
сценарийлік болжамдары негізінде 2050 жылға дейінгі кезеңге 2025, 2030, 2035, 2040, 2045,
2050 жылдарға су ресурстарының жекелеген учаскелері үшін болжамдар құрастырылды. Жалпы,
Жайық-Каспий бассейнінде, орташа, бүкіл кезең аралығында екі сценарий бойынша ағындының
өсуі 5-7 % деп күтілуде. Кейбір учаскелерде 10-15 % дейін ағынды мөлшері ұлғаюы мүмкін.
Сағыз өзенінің алабында, керісінше, 80 % дейін төмендеуі күтілуде. 05.03.09.00 учаскесі үшін
болжау тәуелділігі алынуы мүмкін емес, ағындының күтілетін шамасы Волга өзенінен келетін су
мөлшеріне тәуелді.
