Қалалық жоспарлауға жұртшылықтың қатысуы: неміс және украин тәжірибесі
Кілт сөздер:
urban planning, public participation, urban initiative, city development, decentralization.Аңдатпа
Соңғы уақытта Украина азаматтарының билікті тікелей жүзеге асыру үдерістері белсенді
бола бастағанын ерекшелеп өтсек, ол өз кезегінде тұтастай мемлекеттік билік пен қоғамның
ары қарай демократиялануының дәлелі болады. Бұл сондай-ақ қалалық басқару үдерістеріне
де қатысты. Бұл зерттеу жұмысында біз Украина қала тұрғындарының қала құрылысы бойынша
шешім қабылдау үдерісіне қатысу мысалдары мен мәселелерін көрсете отырып, осы үдерістерді
қалалық дамытуда жергілікті тұрғындардың белсенді қатысу мәселелерінде үлкен тәжірибесі бар
Германиядағы жағдаймен салыстыруға тырыстық. Біз Украина мен Германиядағы жұртшылықты
жұмылдыру механизмдерін қарастырамыз. Қоғамдастықтың қатысуы әр түрлі формада жүзеге
асырылады: ақпараттандыру, кеңес беру, ынтымақтастық және табыстау – осылар біздің
Украинадағы ұмтылуға тиіс мұратымыз болып табылады. Сонымен қатар аймақтағы билік
органдарының әрекеттері туралы халықты ақпараттандыру деңгейін жоғарылату қажеттілігі және
ЕО кеңінен қолданылатын формаларға сәйкес оларға институционалдық қатысу мүмкіндіктерін
жоғарылатуға негізделген.
