ЮНЕСКО-ның (SACAM) Оңтүстік және Орталық Азия биосфералық резерваттар желiсiнің «Биосфералық резерваттар және тұрақты даму» атты 8-ші отырысының нәтижелері, Алматы, Қазақстан, 24-25 қазан 2016 ж.
Кілт сөздер:
UNESCO, Man and the Biosphere Programme, SACAM NetworkАңдатпа
ЮНЕСКО-ның (SACAM) Оңтүстік және Орталық Азия биосфералық резерваттар желiсiнің қатысушы мемлекеттерінің 8-ші отырысы 2016 жылдың 24-25 қазанында Алматы қаласында (Қазақстан) өтті. Кездесу ортақ тақырып «Биосфералық резерваттар және тұрақты даму» тақырыбында желінің қатысушы мемлекеттерінен 65 қатысушылар қатысты. Отырыстың мақсаты, ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваттарын тұрақты даму моделі ретінде бірігіп дамыту. Барсакелмес (Қазақстан) биосфералық резерваты ЮНЕСКО биосфералық резерваттарының Бүкіләлемдік желісіне қосылу туралы сертификат алды, мұндай шешім МАБ-тың Халықаралық координационды кеңесінің 2016 жылдың 19 наурызында (Лима, Перу) болған 28-ші сессиясында қатысушы мемлекеттер қолдады. Кездесудің негізгі нәтижесі желінің Жарғысы және қатысушылардың дайындаған ұсыныстары, бұл екі іс-қағаз төменде келтірілген. 8-ші желі отырысының ұсыныстары Лим жоспарының негізгі ойларын іске асыруға, желі аясында ынтымақтастықты нығайту үшін оңтүстік және орталық Азия мемлекеттерінің ұлттық жоспарының іс-әрекетіне бағытталды. Желінің мүшелері 3 жаңа мемлекет-мүшелерді (Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан) қабылдады және Әзірбайжан үшін бақылаушы статусы берілді.
