Бaтыс Қaзaқстaн облысы шегіндегі Жaйық өзені aлaбының солтүстік бөлігінің aуыр метaлдaрмен лaстaнуы
Кілт сөздер:
почвенный покров, рaстительный покров, тяжелые метaллы, химические соединения, зaгрязняющие веществa.Аңдатпа
Ауыр металдар кең тараған өнеркәсіптік ластағыштар болып табылады. Қазіргі таңда олар барлық ортада бақылауға алынған негізгі ластағыш заттарға жатады. Ауыр металдар термині соңғы уақытта кең тараған ластағыш заттардың тобын сипаттайды. Олар су қоймаларына, топыраққа және өсімдікке әр түрлі өндірістік мекемелердің ағынды суларын құю арқылы және түтінмен ластанған жауын-шашын сулары арқылы түседі. Бұл мақалада Жайық өзені бассейнінің Батыс-Қазақстан облысы аумағының солтүстік бөлігінің топырақ және өсімдік жамылғысының ауыр металдармен ластануын зерттеудің нәтижелері көрсетілген. Жайық өзені бассейнінің Батыс-Қазақстан облысы аумағының солтүстік бөлігінің 10 негізгі аймағынан алынған топырақ және өсімдік сынамалары қолданылған. Зерттеулер сынақ зертханасынан алынған мәліметтер негізінде жүргізілді. Топырақ және өсімді жамылғысының негізгі сипаттамалары зерттелінді; Жайық өзені бассейнінің Батыс-Қазақстан облысы аумағының солтүстік бөлігінің топырақ және өсімдік жамылғысының ауыр металдармен ластану деңгейіне баға берілді. Зерттеу нәтижесінде топырақ жамылғысындағы Zn, Cu, Ni металдарының деңгейі шекті рұқсат етілген концентрациядан артқандығы анықталды.
