Күріш дақылының өсуіне жоғары синергизмдік эффектілі биогумус стимуляторын құру

Авторлар

  • Ж. У. Мaмутов Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • A. Е. Исмaгуловa Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Аңдатпа

Агромелиоративтік тыңайтқышты (АМТ) жасап шығаруда, шет ел мен Қазақстанның күріш алқаптарында кеңінен пайдаланған “НТОЗ” деген коммерсиялық атауы бар тұзды топырақтарды игеруге арналған мелиорантты жасаудың ғылыми-теориялық негізі алынды. Ол заттың минералды компоненттік негізін 200 кг/га мөлшердегі мырыштың сульфатты тұзы (ZnSo4) құрап, органикалық құрамды бөлігіне гектарына 5 тоннаға дейінгі майдаланған күріштің сабаны пайдаланған. Бұл екеуінің қосындысының синергизмдік тиімділігінен түк шықпайтын сор топырақтарда 40 ц/га мөлшерден астам күріш өнімі алынып, бақылау нұсқасындағы күріш өскіндері 3-4 жапырағын жайған кезде қырылып қалған. Осы мелиоранттың альтернативтік нұсқасы ретінде әрі қарай жақсарту мақсатында сабанның орнына экологиялық зиянсыз, нарықтық жағынан пайдалы биогумусты алып мырыштың сульфатын орнында қалдырып, синергизмдік әсерді күшейту үшін натрийдің метасиликатын қосымша фактор ретінде пайдаландық. Бұл құрастырылған агромелиоративтік стимулятордың синергизмдік қасиеттерін, олардың құрамды бөліктерін жеке-жеке зертханалық сынақтан өткізіп тексеру арқылы анықтадық. Бұлардың нәтижелері екі блоктан тұрды: а) натрийдің тетраборатының 6-10 мг/кг топырақтағы мөлшерінің уыттылықтарын тексеру; б) бордың әрбір дозаларының зияндылықтарына қарсы АМТ-тыны қолданып, оның тиімділігін 6-8 мг/кг топырақтағы мөлшерінен анықтадық. Ал, 9 мг/кг-нан әрі қарай өскіндердің өсу қарқындылықтары өте бәсең болды.

Автор өмірбаяндары

  • Ж. У. Мaмутов, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    б.ғ.д., профессор

  • A. Е. Исмaгуловa, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    2 курс магистрант

Жүктеулер

Жарияланды

2017-11-30

Журналдың саны

Бөлім

Физикалық , экономикалық және әлеуметтік география