Алматы қаласының буферлі зонасындағы тұрмыстық қатты қалдықтар полигондар аудандарының өзгеруін талдау

Авторлар

  • З. К. Калиаскарова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • А. С. Иканова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • А. А. Беккулиев Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Кілт сөздер:

ТҚҚ полигон, мониторинг, рекультивация, деградация, экологиялық апат, заңсыз қоқыс алаңдары, космо суреттері, Жерді қашықтықтан зондылау, дешифрлеу

Аңдатпа

Тұрмыстық қатты қалдықтар (ТҚҚ) полигондарын зерттеу "Қазақстан Республикасының "жасыл экономикаға" көшу тұжырымдамасындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, тасымалдау, залалсыздандыру, кәдеге жарату және көму кызметтері кешенінің тиімділігі, қауіпсіздігі, экологиялық және әлеуметтік қолайлылығының жоғарылауы, ТҚҚ-ды кәдеге жарату үлесінің ұлғайуы, сонымен қатар қалдықтарды қауіпсіз көмуді қамтамасыз ету мақсаттарына  сәйкес өзекті болуда.

Қазіргі таңда ТҚҚ-ды сақтау мен кәдеге жаратудың бірқатар әдістері бар, олардың қатарында біздің елде қалдықтарды полигондарда көму технологиясы кең таралған, себебі қалдықтардың басым бөлігі сұрыптаусыз заңды және заңсыз полигондарға тасымалданады, соның нәтижесінде полигондар саны қарқынды артуда. Алматы қаласының буферлі зонасындағы соңғы он жылдықта қалыптасып жатқан полигондар стихиялық жағдайда пайда болып, қоршаған ортаға ықтимал экологиялық қауіп төндіреді. Болашақта аймақтық масштабтағы экологиялық апаты болдырмас үшін, ТҚҚ-ды көмудің заңды не заңсыз орындарын бақылау мен одан әрі қалпына келтіру жұмыстарына ерекше назар аудару керек.

Мақалада «Қалалардың шеткі аймақтарының қатты тұрмыстық қалдықтармен ластану мәселелерін шешудің экономикалық механизімін жасау (Алматы қаласы мысалында)» 2006/ГФ4 тақырыбындағы жоба аясында 2015 жылдан жүргізіліп жатқан зерттеулердің нәтижелері қарастырылған. Ағымдағы жылдың міндеттерінің бірі ТҚҚ-дың Қарасай полигоны мен басқа да кіші полигондардың экожүйеге әсер ету әрекеттерін талдау болып табылады. Полигондар өзгерістерін зерттеу қашықтықтан зондылау және ГАЖ бағдарламалары әдістерін қолданумен жасалды.

Жүктеулер