Жерді арақашықтықтан зерттеу мәліметтері негізінде қатты тұрмыстық қалдықтар полигондары мен буферлі аймақты бақылау
Кілт сөздер:
Қатты тұрмыстық қалдықтар полигондары, бақылау, арақашықтықтан зерделеу мәліметтеріАңдатпа
Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» [1] көшу Тұжырымдамасын іске асыру, қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) басқару жүйесін жаңартуды қарастырады. Республикамыздың географиялық орналасу ерекшелігі, азаматтық және өнеркәсіптік нысандарды орналастыру ҚТҚ басқару жүйесін толық шешуге мүмкіндік бермей, Жерді арақашықтықтан зерделеу (ЖАЗ) орбиталық ғарыш құралдары мен ғарыштық зерттеулер ғылыми базасын дамытуды талап етеді. 076 республикалық бюджеттік ҰҒЗТО АҚ-ның «Жер серіктік ақпараттарын тақырыптық өңдеудің жетілдірілген технологиясы негізінде қатты тұрмыстық қалдықтар полигондары ғарыштық мониторингісінің геоақпараттық жүйесін құру» атты бағдарламасы негізінде ҚТҚ полигондарын бақылау технологиясын ұйымдастырды. Технология ЖАЗ мәліметтері негізінде жасалған және өзгерістер есептелген: ҚТҚ полигон ауданы мен құжаттар бойынша ауданының сәйкестігі, полигондағы қалдықтар көлемі, сонымен қатар, полигонның буферлік аймағындағы өзгерістер анықталған. Осы технологияны тестілеу үшін түрі, ауданы және ландшафттық орналасу жағдайы әртүрлі 6 ресми ҚТҚ полигондары таңдап алынды.
