Теміржол салуда заманауй әдістермен геодезиялық қамтамасыздандыру
Кілт сөздер:
репер, тахеометр, геодезиялық түсіріс, бөлу, геодезиялық жұмыстарды жүргізу, топографиялық план, құрылыс торларыАңдатпа
Мақалада «Қайратколь» бекетін кеңейтуде жүргізілетін геодезиялық жұмыстардың түрлері мен жолдары қарастырылған. Алынған топографиялық план бойынша құрылыс торлары жобаланып, құрылыс алаңының тік жобалануының сұлбасы құрастырылды және бөлу жұмыстарының жоспары құрылып, геодезиялық бөлу жұмыстарының дәлдігі зерделенді.Темір жол құрылысындағы геодезиялық бақылаулар құрылыс үрдесінде инженерлік-геодезиялық қызметтің негізгі және кеңінен тараған түрі болып саналады. Геодезиялық жұмыстар имараттардың толық жиналуын, яғни жобаға сәйкес оның барлық бөліктерін қатаң түрде жұптастыруды қамтамасыз ету керек. Геодезиялық өлшемдер дәлдігінің жоғарылау жолдары және олардың тиімділігі болып өлшеудің жерсеріктік тәсілдерін пайдаланумен қатар дәстүрлі геодезиялық аспаптар мен тәсілдер болып табылады. «Қайраткөл» теміржол бекетін салудағы инженерлік-геодезиялық жұмыстар кешені зерттеулері орындалды. Геодезиялық бақылаулар әдістерін жаңарту және GPS өлшеу тәсілдер. Далалық түсірістердің мәліметтерін өндеу, Топографиялық план заманауй компьютерлік CREDO және AutoCAD бағдарламаларды қолдануымен өнделді. Жасалынған жұмыс нәтижесінде жергілікті жердің 1:500 масштабтағы сандық планы алынды.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Геодезия и картография
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Теміржол салуда заманауй әдістермен геодезиялық қамтамасыздандыру. (2017). Journal of Geography and Environmental Management, 43(2). https://bulletin-geography.kaznu.kz/index.php/1-geo/article/view/327
