Геобейнелерді виртуалды үлгілеу ерекшеліктері
Кілт сөздер:
геобейне, картографиялау, виртуалды үлгілеу, анимация, блок-диаграмама, технология, генерализация, , мультимедия, интерполяцияАңдатпа
Соңғы бірнеше жылда компьютерлік картографияда виртуалды үлгілеу және картографияның жаңа бағыты қалыптаса бастады.
Виртуалды үлгілеу және картографиялау – жер туралы және әлеуметтік-экономикалық ғылымдармен байланысты геоақпараттық технологияларды ғылымға енгізудің бірден-бір жаңа бағыты. Виртуалды геобейне абстрактылы және шынайы обьектілерді көптеген жағдайларда және бағдарламалық-басқарушылық ортада жаңғыртып бақылаушылар мен өзара интерактивті байланыстарды қамтамасыз етеді. Олар өздеріне әртүрлі карта, ғарыштық суреттер, блок-диаграммалар мен компьютерлік анимациялық ерекшеліктерді біріктіреді.
Мақалада виртуалды үлгілеу технологиясының ерекшеліктеріне, оларды қолдану салалары, геоақпараттық картографиялаудың болашақта даму перспективалары туралы айтылған.
