Қазақстанның тау-кен металлургия кешенінің даму перспективалары мен қазіргі жағдайы
Кілт сөздер:
Минералды шикізат базасы, кен орындарды игеру, инновациялық даму, пайдалы қазбалар, баланс қоры, кен орнын игеру, инвестиция, кен-металлургия кешені, экологиялық проблемаларАңдатпа
Мақалада еліміздегі тау-кен металлургия кешенінің жағдайы, пайдалы қазбаларды өндіруді өңдеу және дамыту стратегиялары қарастырылған. Қазақстан минералды шикізат базасының қазіргі жағдайының сараптамасы орындалған. Ондағы кейбір нәтижелер ҚР геология және тау-кен ісі мамандарының жариялымдары мен «Казгеоинформ» РЦГИ жер қойнауын қолдану қызметінің анализ нәтижелері» материалдарын қолдана отырып жүзеге асырылған. Қазақстанның минералды шикізат кешені әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі және инвестиция салудағы аса қызығушылық тудыратын сфералардың бірі болып табылады. Соңғы отыз жылдың ішінде пайдалы қазбалардың өндіруге салынған салымның жылдық мөлшері бес есеге өсті. Сонымен қатар, қазіргі таңда олардың кейбіреуі ресурстық базаның орнын толтыруда тапшылықтар сезінуде. Бұл мәселе ұлттық экономикадағы кен игеру саласының тұрақты дамуына қауіп-қатер туғызады. Экономиканың басым секторларын дамытуды ынталандыруға, жер қойнауын барлауда экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған, ақпараттық-талдамалы қамтамасыздандыру арқылы мемлекеттің индустриалды-инновациялық дамуына ықпал ету мақсатымен Қазақстандық индустрияны дамыту институты, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің, бірқатар оқу орындарының басшылығымен Республикадағы жер қойнауын пайдалану жағдайларына талдау жүргізілуде.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Геодезия и картография
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Қазақстанның тау-кен металлургия кешенінің даму перспективалары мен қазіргі жағдайы. (2017). Journal of Geography and Environmental Management, 43(2). https://bulletin-geography.kaznu.kz/index.php/1-geo/article/view/324
