Шөлдену және жердің тозуының себептері мен салдары: Қазақстан Республикасы мысалында

Авторлар

  • А. А. Токбергенова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • Ш. Г. Каирова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • Л. Ш. Киясова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Кілт сөздер:

шөлдену, жердің тозуы, жайылым, құрғақшылық, экожүйелер

Аңдатпа

Бұл мақалада шөлдену және жердің тозуының себептері мен салдары: Қазақстан Республикасы мысалында қарастырылған. Шөлдену мәселесі адамзаттың амандығына айтарлықтай қауіп-қатер әкеледі. Шөлдену толып жатқан  жағымсыз экономикалық және әлеуметтік салдарлар,  басқа да  экологиялық бұзылуларға  әкеледі.  Алайда топырақтың тозуы барлық уақытта адамның оны жүйелік пайдалануында жүреді, бұл үрдіс соңғы онжылдықта жылдамдады, дәл осы уақытта,  халықтың өсуі және болашақта өсу болжамы азық-түлік өнімін шұғыл өсіру қажеттілігін тудырды. Жыл сайынғы есептеуде 50- ден  - 70 мың км2  құнарлы жер пайдалануға жарамсыз болады, ал бұл  апаттық  құбылыстың  басты негізгі себебі- шөлдену.

Авторлардың зерттеу нәтижелерінде  анықталғандай  шөлденуге ең бейімделген ауыл шаруашылығы жерлері және шөлдену болдырмауға ұсынған шаралар, ағаш отырғызу және  жайылым  экожүйелерін пайдалану арқылы оларды сақтау негізгі бір шара  және  далалық экожүйе тұтастығын тұрақты пайдалану үшін қалпына келтіру қызметі болып табылады.

Жүктеулер

Журналдың саны

Бөлім

Физикалық , экономикалық және әлеуметтік география