Сарыарқаның географиялық нысандарын атаудың табиғи негіздері
Кілт сөздер:
Арқа, Сарыарқа, Ертіс, оронимдер, геологиялық-геоморфологиялық құрылым, тау жоталары, туристік бағдарлар, экологиялық соқпақАңдатпа
Бұл мақалада Сарыарқа топонимдерінің қалыптасуы мен дамуының тарихи-географиялық негіздері жан-жақты қарастырылған. Сарыарқа аумағындағы таулар жүйесі Көкшетау, Ерейментау, Баянаула, Шыңғыстау, Қызыларай, Қарқаралы, Ұлытау оронимдерінің орналасу ерекшеліктері мен этимологиясы анықталған. Сонымен қатар, Сарыарқа тау жоталарының геологиялық-геоморфологиялық құрылымы, туризмді дамыту мәселелері жөнінде сөз болады.
Топонимикалық зерттеулер өте күрделі, көбінесе география, тарих, лингвистика, ал кейде археологиялық салалардағы білімдерді қажет етеді. Көптеген топонимдер жергілікті геологиялық құрылым, тау жыныстардың құрамы, пайдалы қазбалардың және т.б. өзіндік белгісі болып табылады. Топонимиканың қолданбалы мәселелері геологиямен тығыз байланысы бар қазақтың географиялық атауларын зерттеуде маңызды рөл атқарады. Пайдалы қазбалардың жергiлiктi топонимдерде бейнелеуiнде, тарихи-археологиялық геологиялық негiздеме бар. Кен қазба байлықтарға байланысты топонимдер жүйесі географиялық атауларды маңызды сипаттармен толықтырып, геологтарға кен көздерiн ашу кезеңдерiнде қажеттi дәрежеде мағлұмат бере алады.Сонымен қатар, Сарыарқа оронимінің этимологиясы тарихи-географиялық, лингвистикалық тұрғыдан анықталып, топонимдердің кеңістіктегі таралу заңдылықтары қарастырылды.
