«Өмір сүру сапасының» генезисі мен оның мағынасын ашудағы заманауи қолданыстар
Кілт сөздер:
халықтың өмір сүру сапасы, өмір сүру сапасын бағалау, өмір сүру сапасын анықтау амалдары, өмір сүру деңгейіАңдатпа
Халықтың өмір сүру сапасы елдер мен аймақтардағы экономика дамуының көрсеткішін сипаттайды және мұны түрлі халықаралық бірлестіктер мойындаған. Қазақстанның әлем экономикасымен байланысы артқан сайын, бұл мәселеге деген қызығушылық арта түсуде. Себебі, халықтың өмір сүру сапасы елдегі әлеуметтік-экономикалық үрдістің негізгі айнасы іспеттес.Бұл мақалада «халықтың өмір сүру сапасы» дәрежелерінің дамуы мен оның мәнін анықтаудағы зерттеулер қарастырылған. Жалпы, өмір сүру сапасы 20 ғасырдың 60- жылдарынан бастап ғылымның көптеген салаларында зерттеліп келеді. Сондай-ақ, бүгінде бұл терминнің тұрақты әрі нақты анықтамасы жоқ. Өмір сүру сапасын зерттеуге негізделген еңбектердің көбінде оның бағыты мен нысанына байланысты авторлық баяндамалар кездесіп отырады. Ондағы талдауларда өмір сүру сапасының теориясы кесте түрінде берілген. Бұдан өзге, халықтың өмір сүру сапасын зерттеуде әр түрлі талдаулар жасалған. Мәселен, осы мақаладағы бұл мәселеде географиялық сапа да қарастырылды. Аталмыш еңбекте халықтың өмір сүру сапасының аймағын анықтаудағы географиялық амалдардың рөлі сипатталды. Сонымен қатар, жүргізілген зерттеулерге сәйкес, «өмір сүру сапасына» терминіне география ғылымы негізінде анықтама да берілді.
