Халықаралық украин-қазақ байланыстарын геоақпараттық модельдеу

Авторлар

Кілт сөздер:

әлемдік шаруашылық жүйе, халықаралық байланыс, модельдеу, ГАЖ- технологиясы, тақырыптық картографиялау

Аңдатпа

Бұл мақалада геоақпараттық жүйе (ГАЖ) технологиясының көмегімен халықаралық ағындағы энергия және ақпарат заттарын картаға түсіру (картографиялау) әдістері қарастырылады. Халықаралық екі жақтық байланыс негізде геоақпараттық моделдеудің мақсаты мен міндеттері анықталған. Халықаралық байланыспен картографиялаудың географиялық зерттеу жүргізу тәжірибелері меңгерілген. Украина мен Қазақстан арасындағы халқаралық байланыс қарталарының тақырыптарымен құрылымы қарастырылған: саяси байланыс, экономикалық байланыс, көші-қон байланысы, мемлекеттер арасындағы мәдени байланыс. Картографиялық зерттеудің басты тақырыптары анықталған: карталардың бағыты және негізгі картографиялау көрсеткіштері ұсынылған. Картографиялаудың аумақтық (территориялдық) деңгейлері айқындалған. Жаһандық деңгей -  жеке мемлекеттер мен мемлекеттер тобының байланысын бағамдайды. Аймақтық байланыс: мемлекетаймағыныңөзгемемлекеткәсіпорындарыменбайланысы; жекеленгенкәсіпорындардыңлокальді (жергілікті) байланысы. Олардың ерекшеліктері мен тұтынушылар айналымы айқындалған. Украина мен Қазақстан арасындағы халықаралық сауда-саттық тауар картасының мазмұны дайындалған. Картаграфиялау әдістері ұсынылған. Дерекқорды құрастырудың негізгі ерекшеліктері мен геоақпараттық картографиялаудың функциялары анықталған.

Жүктеулер

Журналдың саны

Бөлім

Физикалық , экономикалық және әлеуметтік география