Ұлы Жібек жолы халықаралық транспорттық магистралы бойындағы инновациялық жобалар
Кілт сөздер:
Ұлы Жібек жолы, Ұлы Жібек жолы бойының жобалары, көлік дәліздері, логистикалық инфрақұрылым, туризм.Аңдатпа
Бұл мақалада Ұлы Жібек жолы бойындағы инфрақұрылымды дамыту жобалары талқыланады. Ұлы Жібек жолы бойындағы жобалар сауда-саттық қатынастарды әртараптандыруда, логистикаға инвестициялық салымдарда, кен және энергетикалық ұсына отырып экономикалық өсуді жақсарту, саяси икемділік құру арқылы аймақтық ынтымақтастық қатынастардың негізін қалауда маңызды рөл атқарды. Бұл жоба Орталық Азия елдері үшін әлемдік экономикадағы маңызды ойыншылар ретінде орын алуына, сондай-ақ осы Орталық Азия елдерінің бірқатарының теңізге шыға алмайтының есекеріп өтетін болсақ, бұл жоба мемлекеттердің экономикадағы халықаралық сауда қатынастарының өсуі мен дамуына үлкен мүмкіндік болып табылады.
