Күн сәулесімен су жылытқыш құрылғысының өнімділігін есептеу
Кілт сөздер:
атмосфералық мөлдірлік, бұлттылық, жылу энергиясы, баламалы энергетика, электр энергиясы, күн энергиясы, күн коллекторы, күн радиациясы, гелиоқұрылғы, электр станциясыАңдатпа
Берілген ғылыми мақалада жылу энергиясын қолдану мәселелерін зерттеу бағытында экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыздандыру және мәселені шешу жолдары қарастырылған. Қазіргі таңда жылу электр станциялары қоршаған ортаны басты ластаушылардың бірі болып отыр. Бұл мәселенің шешімі күн сәулесінің энергиясын қолдану болып табылады. Қазақстанда күн батареяларын қолдану арқылы электр энергиясын және жылу энергиясын өндіру енді талқыланып жатқан мәселелердің бірі. Күн энергиясы басқа энергия көздерімен салыстырғанда өзіндік ерекшеліктерге ие: сарқылмайды, экологиялық таза, басқарылады, ал көлемі бойынша адам пайдалана алатын басқа энергия көздерімен салыстырғанда мың есе көп. Жылумен қамтамасыз ету мәселесінде күн энергиясын пайдалану айтарлықтай алға жылжыған. Баламалы энергия көздерін қолдану қоршаған ортаның ластануын және ыстық суды үнемдеуге мүмкіндік береді.
