Қазақстан Республикасы «жасыл» экономикасының бағыты: энергетика салаcы

Авторлар

  • М. А. Шаухарова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • Т. Л. Тажибаева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Кілт сөздер:

жасыл экономика, табиғи ресурстарды рационалды түрде пайдалану, экологиялық дағдарыс, жел энергетикасы, биотехнологиялар, таза өнімдер

Аңдатпа

Энергияны үнемді пайдалануда Қазақстанның маңызды потециалы қазіргі күнге дейін бағаланбаған, саясаттағы негізгі мақсат энергоқуатты арттыру болып табылады. «Жасыл» экономиканың дамуы елге экологиялық дағдарысты болдырмауға мүмкіндік береді. Қазақстанның стратегиялық мәселесі - дамудың «жасыл» жолын қолдайтын модель көмегімен жасыл экономикаға көшу. Бұл табиғатты қорғау және табиғатқа жағымды әсер ететін экономиканың жаңа саласы, таза және «жасыл» технологиялар, экожүйені жетілдіру. Дамудың жаңа сатысына көшу қазіргі және келешек ұрпақ үшін табиғи ресурстарды үнемді және рационалды түрде пайдалану арқылы экологиялық таза өнімдерді өндіруді білдіреді. Жаңа және қолжетімді технологиялар бойынша жаңартылмалы энергетика үлесі барлық дүние жүзінде тез қарқынмен өсіп келеді. Әлем тәжірибесінде баламалы энергоресурстарды іздеу қайта қалпына келетін энергия көзін пайдалануды талап етеді.

Жүктеулер