Алматы қаласындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару мәселелері

Авторлар

  • З. К. Калиаскарова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • Ж. Н. Алиева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • А. С. Иканова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Кілт сөздер:

тұрмыстық қатты қалдықтар, қайта өңдеу ережелері, қалдықтарды көму, қалдықтар саласындағы нормативтік-құқықтық актілер

Аңдатпа

Мақала өзекті мәселелердің бірі Алматы қаласының қатты тұрмыстық қалдықтармен  (ТҚҚ) ластану жағдайына арналған. Қала халқының өсуі (2015 ж. - 1,5 млн.), қала шекарасының ұлғайуы, тұтыну тауарларын пайдаланудың көбейуі және басқа да себептер ТҚҚ көлемінің өсуіне алып келді. Жұмыста қала шаруашылығындағы тұрмыстық қатты қалдықтардың қалыптасуы мен оларды қайта өңдеу және Алматы қаласының ерекшеліктерін ескеріп, тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру сұрақтары қарастырылды. Тұрмыстық қатты қалдықтар ағынын басқару мәселесін шешудегі қалалық биліктің бастамалары қарастырылды. Біздің пікіріміз бойынша қазіргі таңда өңделетін қалдықтар көлемін ұлғайту қажет, себебі ТҚҚ-тар 30-40%  екінші реттік пайдалануға жарамды ресустраға ие. Бұл мәселені осы саладағы кәсіпкерлікті ынталандыру негінде жүзеге асыруға болады.

Жүктеулер