Жер лазерлі сканерінің жұмыс істеу принципі және оның технологиялық схемасы

Авторлар

  • К. А. Ыстыкул Қ. И. Сәтбаев атындағы Казақ Ұлттық Техникалық Зерттеу университеті
  • В. А. Середович Сібір Мемлекеттік Геожүйе және Технологиялар Университеті
  • Ж. Д. Байгурин Қ. И. Сәтбаев атындағы Казақ Ұлттық Техникалық Зерттеу университеті

Кілт сөздер:

жер лазерлі сканерлеу, жер бедерінің сандық үлгісі, 3D модельдеу, көшкінқауіпті беткей, қар көшкіні, рекрациялық ресурс, «бұлт нүктесі», көлденең қима, жер бедерін морфометриялық талдау жасау, географиялық координаттар

Аңдатпа

Мақалада жер лазерлі сканерінің (ЖЛС) жұмыс істеу принципі мен оны көшкінқауіпті Іле Алатауы территориясында  қолдану технологиясы ұсынылған. Сонымен қатар, алынған 3D-модельді қолдану мүмкіндігі қарастырылған. Жер лазерлі сканерлеу технологиясына, топографиялық карталарды жасау және жердің сандық үлгісін жасау әдістеріне көп көңіл бөлінген.

Жұмыс барысында объектінің AutoCAD форматында үш өлшемді моделі алынып, олардың бойлық және көлденең қималары жасалынды. Осы қималар көшкінқауіпті беткейлерді талдау жасауға негіз болды. Бұл зерттеліп отырған территорияның көшкінқауіпті беткейлері  жер бедерін сандық көрсеткіштер бойынша сипаттауға мүмкіндік берді. ЖЛС мәліметтері арқылы жер бетінің (жер бедерінің), қар жамылғысы қалыңдығының жоғарғы дәлдіктегі сандық  моделін жасауға болады.  Сондықтан қазіргі таңда қар көшкінін болжауда және үлгілеуде қолайлы және жоғары сапалы әдістерді табу кең етек алуда.

Жүктеулер

Журналдың саны

Бөлім

Геодезия и картография