Мұнайгаз кешенін игерудегі геоақпарат жүйесі және ара қашықтықтан зерделеу мәліметтерінің міндеттері (Қарашығанақ кен орны мысалында)
Кілт сөздер:
мұнай-газ кешені, геоақпарат жүйе, геокеңістікті ақпарат, ара қашықтықтан зерделеу, ғарыштық суреттер, дешифрлеу, картографиялауАңдатпа
Бүгінгі күндердегі мұнай-газ кешеннің қызметі геокеңістікті ақпаратты және геоақпарат жүйесін кеңінен қолдануға талап етеді. Олар көптеген міндеттерді шешуге көмектеседі: жоба жұмыстарынан және экологиялық мониторингтен бастап аймақпен басқару мен мүліктерін сақтауға дейін. Мамандар бойынша өндірістің қызметімен байланысты ақпараттың 80 % кеңістікте таралған, ол геокеңістіктегі ақпараттың маңыздылығын дәлелдейді. Геокеңістіктегі ақпараттың негізі болып ғарыштық суреттер саналады.
ГАЖ жергілікті жер бедері туралы нақты геодезиялық зерттеулер арқылы алынған ақпараты өндеуге мүмкіндік береді, оның себебінен, бедердің өзгергенін болжауға және болашақта шаралар қолдануға мүмкіндік береді.
