Теплометриялық әдісті қолдана отырып, тау-кен массивінің геомеханикалық жағдайын зерттеу

Авторлар

  • Х. М. Касымканова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • Г. К. Джангулова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • Б. К. Бектур Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • В. Б. Туреханова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • Г. К. Байдаулетова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Кілт сөздер:

Кенқорын игеру, кен массививінің бұзылуы, техногендік құламалар, шаңды басу, карьер, кен жынысының массиві, тұрақтылық, бекіту, босаңсу аймағы

Аңдатпа

Мақалада уақыт факторына байланысты жаппай аттыру (жару) барысындағы тау жыныстарының тұрақтылығы мен физика-механикалық қасиеттері, құрылымдық және тектоникалық әсері ерекшеліктері қарастырылған. Ашық әдіспен қазымдау кезінде тау кен жұмыстарындағы жарғабақты және жартылай жарғабақты жарықшақты құрылымды тау жыныстарын бұрғылап аттыру барысындағы кертпешелер мен карьер кемерлерінің тұрақталығы.  Ашық тау кен жұмыстарындағы тау жыныстарының тұрақтылығы мен беріктігіне байланысты бұрғылап аттыру жұмыстарын жүргізу. Жеке және топты кертпешелердің бұзылуы мен құлау әсері, аттыру жұмыстары барысында деформацияның алдын алу шараларының дұрыс қолданбауы ескерілген. Белгіленген беріктік шегінен тыс жарылыс толқының болатын серпімді қалдықты деформациялар әсері және кертпешелер мен карьер кемерінің қайтпас деформациялық бұзылуына әкеліп соғады.

Зерттеу барысында ашық тау кен жұмыстарындағы бұрғылап аттыру жұмыстарын жүргізу барысында карьер кертпешелері мен кемерлерінің бұзылуын және деформациялық үдерістерін тау жынысын жарықшақтық пен бұзылғыштығына зерттеу арқылы алдын алу маңыздылығы зерттелген. Тау-кен массивінің бұзылуын экспресс-бағалаудың теплометриялық әдімтемесі қарастырылған.

Жүктеулер

Журналдың саны

Бөлім

Геодезия и картография