Арақашықтан зерделеу мәліметтерін қолдану арқылы топографиялық карталарды жаңарту
Кілт сөздер:
аэрофототүсіріс, картография, фотограмметрия, ортофотоплан, арақашықтықтан зерделеуАңдатпа
Бүгінгі күні арақашықтан зерделеу мәліметтері көптеген салада кең қолданысқа ие. Ал картографиялауда жаңарту үрдістерінің заманауи әрі тиімді әдісі болып келеді. Қазақстан Республикасының зор территориясын картографиялауда бұл таптырмас тәсіл. Сондықтан, ел аумағының карталарын жаңартудың негізгі көзі – аэрофототүсіріс және оның негізінде алынған ортофотоплан мен топографиялық пландар. Себебі, ортофотопландар жердің бетін барынша жоғары дәлдікпен, бұрмалаусыз бейнелейді. Нәтижесінде, сандық аэрофототүсіріс арқылы түсірілген территория туралы жаңартылған мәліметтерді алуға болады. Пландар талабына сай 1:500-1:5 000 аралығында жасалуы мүмкін және олардың мақсаты – мазмұнын қабылданған координаттар, биіктік жүйесінде және қолданыстағы шартты белгілер арқылы жер аумағының қазіргі қалпына сай келтіру.
