ХХ ғасырда теориялық метеорологияның даму тарихы
Кілт сөздер:
теориялық және динамикалық метеорология, атмосфераның гидродинамикалық теңдеулері, турбуленттілік, жалпы циркуляция, теориялық гидромеханика, ауа райы болжамы, сандық болжам, атмосфералық фронт, циклон, антициклонАңдатпа
Мақалада динамикалық метеорология дамуына үлкен үлес қосқан ұлы ғалымдардың - физиктер мен метеорологттардың - өмірбаяны мен ғылыми қызығушылықтары қарастырылған. Метеорология ғылымында гидродинамикалық, ауа райын сандық болжаудың маңызды бағыттарының қалыптасуына әкелген осы ғылымның математиктермен, механиктермен, геофизиктермен, гидрологтармен және метеорологтармен қалай дамуып жетілгені көрсетілген. Мұндай болжамдардың мүмкіндік идеясы математикалық тұрғыдан Гельмгольцпен, ал метеорологиялық тұрғыдан - Берген метеорологтар мектебінің басшысы В. Бьеркнеспен тұжырымдалған болатын. Теориялық метерологияның дамуына үлкен үлесін қосқан математик, механик және метеоролог - Александр Александрович Фридман және оның ізбасарлары: Николай Евграфович Кочин, Илья Афанасьевич Кибель, Николай Васильевич Розе, Екатерина Никитична Блинова және т. басқалар. Кибель мен Блинованың жұмыстары метеорологиялық ғылымындағы жаңа бағыттарды құрау үшін негіз болған, ол өз кезегінде қазіргі уақытта шұғыл тәжиребеде әртүрлі алдын ала ауа райының болжам карталарын тұрғызуға көмегін тигізеді.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Метеорология және гидрология
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
ХХ ғасырда теориялық метеорологияның даму тарихы. (2016). Journal of Geography and Environmental Management, 42(1). https://bulletin-geography.kaznu.kz/index.php/1-geo/article/view/286
