Нұра өзенінің минималдық ағыны
Кілт сөздер:
Нұра өзені, қысқы минималды ағын, жазғы-күзгі минималды ағын, су қоймасы, су арнасыАңдатпа
Минималды қысқы және жазғы-күзгі ағынның есептік сипаттамалары және Нұра өзенінің бойындағы шаруашылық әрекеттің әсерін ескеру арқылы олардың өзгерістері қарастырылды.Қ.И. Сәтпаев атындағы каналы мен Ынтымақ су қоймасы бойынша Ертіс өзені ағының бір бөлігінің Нұра өзеніне ауыстыру әсерінен өзеннің табиғи режимнінің маңызды өзгерістері қыс жіне жаз-күз кезендеріндегі минималды орташа айлық су шығындарының қатарларын талдау негізінде айқындалды. Ертіс суын ағызу төменгі жағында, өзеннің жоғарғы жағындағы Қ.И. Сәтпаев атындағы каналдың бір бөлігін пайдалануға бергеннен кейін қысқы ағынның минималды нормасының шамасы т.-ж.. Балықты станциясында 0,02 м3/с–тан 0,87 м3/с-ға дейін, ал Р. Қошқарбаев ауылының төменгі жағында 0,40 м3/с-тан 5,22 м3/с-қа дейін ұлғайды. Жаз-күз кезенінде ағының минималды нормасы т.-ж.. Балықты станциясында 0,39 м3/с-тан 1,82 м3/с-қа дейін, ал төменгі жағында Ынтымақ су қоймасының реттеушң ролінің әсерінен 2,80 м3/с-тан 7,90 м3/с-қа дейін ұлғайды.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Метеорология және гидрология
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Нұра өзенінің минималдық ағыны. (2016). Journal of Geography and Environmental Management, 42(1). https://bulletin-geography.kaznu.kz/index.php/1-geo/article/view/283
