Қазақстан Республикасында топонимикалық карталар жасау қажеттілігі

Авторлар

  • А. У. Маканова Институт географии image/svg+xml
  • Ж. М. Шарапханова Институт географии image/svg+xml

Кілт сөздер:

топонимика, географиялық нысандар, топонимикалық карталар, зерттеу әдістері

Аңдатпа

Мақалада топонимикадағы географиялық атауларды зерттеудегі топонимикалық карталардың маңызы қарастырылған. Кез-келген аймақтың топонимикалық жүйесін құрайтын географиялық атауларды адамзат қоғамы анықтайтыны көрсетілген. Географиялық атаулар топонимикалық зерттеулердің ақпараттық негізі болып табылады. Топонимикалық карталау объектілеріне жататын, географиялық атауларды - топонимдер деп те атайды, олар жинақталып, ғылыми негізделе отырып белгілі бір белгілері бойынша жіктелуі қажет, мысалы аумақтың гидрологиялық, геоморфологиялық жағдайлары, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі.

Қазіргі таңда Қазақстанның барлық аймақтарының топонимикалық карталарын жасап, басып шығару үлкен мәселе. Топонимикалық карталарды жасап, басып шығару пайдалы ақпарат болар еді. Оларды мектептерде, орта және жоғары білім беру орындарында географиядан арнайы курстарды (топонимика және терминология) оқығанда оқу құралы ретінде пайдалануға болады.

Жүктеулер

Журналдың саны

Бөлім

Физикалық , экономикалық және әлеуметтік география