Қазіргі география ғылымының маңызын жоғарылату мен құрылымын жетілдірудің қажеттілігі
Кілт сөздер:
географиялық білім, дүниежүзілік экономика, мемлекет рейтингі, интеграция, қазіргі география, қауіп географиясыАңдатпа
Қазіргі география кешенді бағыттағы ғылымға айналды, табиғат пен қоғам арасындағы байланысты жан-жақты зерттеуде. Осындай өзгерістер аясында географиялық білім, географиялық мәдениет және географиялық дүниетанымның орнын күшейту қажет. Жалпы ғылымдар жүйесінде географияға дифференциация мен интеграция құбылыстары тән. Мұнда жалпы география, физикалық және қоғамдық география деп бөле тұра, интегралды географияны өзгеше жіктейді. Заманау құбылыстар мүлдем жаңа бағыт – қауіп, қатер географиясының қалыптасуына әкелді.
