Қалалардың инновациялық дамуы: теориялық аспектілер
Кілт сөздер:
қала, инновациялық даму мәселелері, қалалық саясат, кластер, технопарк, тұрақты дамуАңдатпа
Қазіргі дүниеде адами ресурстардың дамуы мен экономиканы аумақтық тиімді ұйымдастыру мәселелері қалалармен тығыз байланысты. Адамзат дамуының аса маңызды жетістіктері шоғырланып отырған қалалар өзінің маңында қалыптасқан елді мекендер шоғырының ғана емес, аймақтың, елдің әлеуметтік, экономикалық жағдайына үлкен ықпал етіп отыр. Зерттеушілер үшін бір жағынан қалалардың аумақтық дамудағы ролі, екінші жағынан осынау аса күрделі табиғи-техногендік жүйенің тіршілік қауіпсіздігі мен экономикалық даму заңдылықтарын жете зерттеу аса маңызды болып табылады. Сол себепті, бұл статьяда урбандалған аумақтардың инновациялық дамуын қамтамасыз етудің теориялық мәселелері зерттелді. Ол бойынша урбандалған аумақтардың кеңістік даму мәселелерімен айналысқан Ж.Будвиль, Н.Д.Кондратьев, М.Портер және т.б. ғалымдардың теориялық тұжырымдарына талдау жасалды. Қалалар географиясына қатысты теориялық тұжырымдарды Қазақстан қалалары жағдайында қолданудың мүмкіншіліктері қарастырылады.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Физикалық , экономикалық және әлеуметтік география
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Қалалардың инновациялық дамуы: теориялық аспектілер. (2016). Journal of Geography and Environmental Management, 42(1). https://bulletin-geography.kaznu.kz/index.php/1-geo/article/view/276
