Ақтөбе облысында геопарктерді қалыптастыру мәселелері

Авторлар

  • A. M. Sergeeva Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
  • A. G. Koshim Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • I. Bekzatkyzy Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Кілт сөздер:

геопарк, ұлттық саябақ, геологиялық тарих, геотуризм, тектоніка, жанартау, метеорит, палеонтологиялық қалдық, дайка, базальт, кратер, физикалық географиялық жадай, спелеотуризм.

Аңдатпа

Мақалада Ақтөбе облысындағы геопарктерді қалыптастыру мәселелері қарастырылған. Қазірдің өзінде Қазақстан аумағында, заманауи инфрақұрылым мен сервис дамымай тұрып, геопарктер желісі дамуы мүмкін және қажет. Геопарктер – бұл мол геологиялық (геоморфологиялық) көрнекі орындар есебінен туризмді белсенді дамытуға болатын жер бетінің бөліктері. Геопарк – аумағында бірқатар тарихи кезеңге дейінгі жануарлардың қазып алынған сүйектері сақталған, Жердің геологиялық тарихы, жергілікті ландшафтардың қалыптасуы, тау жыныстары және пайдалы қазба кен орындарының қалыптасуы көрнекі түрде ашып көрсетілетін, «ерекше қорғалатын» мәртебесіне ие аймақ. Геопарктерді алуан түрлі ұлттық парктер ретінде қарастыруға болады. Геопарктердің ұлттық парктерден айырмашылығы – геопарктерді құру мен жасақтау мемлекеттік шығынды қажет етпейтіндігі баяндалады.

Жүктеулер

Журналдың саны

Бөлім

Социально-экономическая геоморфология