Сарыарқаның минералды-шикізаттық ресурстарын зерттеудегі қолданбалы топонимиканың рөлі

Авторлар

  • K. T. Saparov Евразийский национальный университет им. Л.Н. Гумилева
  • M. A. Aralbekova Евразийский национальный университет им. Л.Н. Гумилева
  • A. E. Yeginbayeva Евразийский национальный университет им. Л.Н. Гумилева

Кілт сөздер:

топонимдер, археонимдер, минералдық ресурстар, пайдалы қазбалар, геология, көне кен орындары, металлургия, геоморфология.

Аңдатпа

Бұл мақалада Сарыарқа аумағынан табылған көне кен орындары мен пайдалы қазбалардың ерте заманнан өндірілгені және қолданбалы топонимиканың физикалық-географиялық жағдай мен минералды-шикізаттық ресурстарды куәландыратын орны жөнінде сөз болады. Ежелгі кен қазбалары мен көптеген балқыту орталықтарының анықталуы қола дәуiрiнде металл өнiм көлемi елеулi болғанын растайды. Зерттеу барысында Ұлытау, Ақшатау, Жезқазған, Кенқазған, Алтынтөбе, Қарқаралы, Баянауыл, Қарағанды және басқа да көптеген қазбаларының жойқын үйінділері Орталық Қазақстанның жер қойнауынан оразан зор көлемді кеннің шығарылуын және мыс, қалайы, алтын, күкірт, күмiс, қорғасын, сүрменің балқытылуы, сонымен қатар қола дәуiрдiң аяғында – никель, марганец және темiрдің балқытылғаны дәлелденді. Сонымен қатар геологиялық зерттеулердегі қолданбалы топонимиканың рөлі тарихи-археологиялық деректер негізінде анықталған.

Жүктеулер

Журналдың саны

Бөлім

Социально-экономическая геоморфология