Семей ядролық полигонындағы радиация азаюының себептері
Кілт сөздер:
Семипалатинск, радиоактивті қалдықтар радионуклид, ядролық полигонАңдатпа
Мақалада Семей ядролық полигонындағы радиация азаюының себептері анықталып жазылған. Ең бірінші және негізгі себеп радиоактивтік изотоптардың жартылай ыдырау периоды. Қазіргі уақытта Семей ядролық сынақ полигонында жалпы радиация деңгейі сағатына 6-дан 20 микрорентгенге жетеді. Кейбір нүктелерде ғана радиация деңгейі жоғары. Радиация әсерін зерттеу өте өзекті болғандықтан Семей ядролық сынақ полигонындағы радиация деңгейі неге азайды және ядролық қалдықтары қайда кеткенін анықтайық деген мақсат қойдық. Радиация азаюының екінші себебі - радионуклидтердің сумен шайылып, топыраққа сіңіп, грунтқа жетіп, тереңдеп жерасты суларында жиналуы. Санау жалпы жауын-шашынның жылы кездегі көлеміне негізделді. Радиация азаюының үшінші себебіне тірі организмдер өз үлесін қосады. Ең көп биологиялық өнімді өсімдік жамылғысы береді. Семей полигонында өсімдік жамылғысы әр экожүйеде әр түрлі. Зерттеу процесінде осындай әдістер қолданылды: жалпы ғылыми, картографияық әдіс, салыстырмалы, сандық, жалпы-спектрометрлік.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Природные и антропогенные геосистемы
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Семей ядролық полигонындағы радиация азаюының себептері. (2016). Journal of Geography and Environmental Management, 41(2). https://bulletin-geography.kaznu.kz/index.php/1-geo/article/view/256
