Уақытша табиғи ландшафттардағы ағымдағы жағдайды бағалау тәсілдері
Кілт сөздер:
экосистеманың өздігінен қалпына келуі, сукцессиялық процесстер, сукцессияларды классификациялау, деградация, өсімдік жабылғысының трансформациялануы.Аңдатпа
Жұмыста ландшафттардың, оларға соңғы жиырма жылда болған әсердің төмендеуін есепке ала отырып, жағдайын бағалау ұсынылады. Себебі, қазіргі уақытта еліміздің көптеген аудандарында өсімдік қабатының өзгерісі деградация жағына қарай емес, өздігінен қалпына келу жағына қарай жүруде. Сондықтан, түрлі аймақтардағы өсімдіктердің онан соң басқа компоненттердің қалпына келуіне бағалау мен болжау үшін, қазіргі табиғи жағдайды зерттеудің жаңа тәсілдері ұсынылады.
Мақалада террирорияларды бөлу қажеттілігі ,ауыл шаруашылығында үнемі қолданылудың аясында және сукцессиялық процесстар жүретін жерде көрсетілген. Осы кезеңде ертерек егістік, жайылым үшін қолданылған және шабындық жер болған ландшафтардағы түрлі сукцессиялық процесстерді бөлу қажет. Жұмыста экосистема жағдайын жүріп жатқан сегіз сукцессиялық процесс түрлерінің ішінен бағалау ұсынылған.
