Кен шығару кезінде қопсытуды кинематиялық әсерін теориялық дәлелдеу
Кілт сөздер:
жоғалым мен құнарсызлану, шығарудың эллипсоиды, қопсытудың кинематикалық және статикалық коэффициентіАңдатпа
Мақалада бұзылған кеннің кинематикалық қопсытылған коэффициентін есепке ала отырып, кенді шығарудағы дәлелдеу көрсеткіштерінің теориялық тәсілі көрсетілген. Уатылған кенді оңтайлы толық алуды қамтамасыз ету шегінде, эллипсоидты түрінде кенді алудың шама-шартын, бұзылған жыныстың «қысымды орта» шеңберінде кенді алып шығудың теориясы жаңартылды. Зертханалық жолдармен шашыраңқы материалдарға жақын түрдегі моделін зерттелу процесстері арқылы жасалды. Кен массасының жылжуының кинематикасы жазылды және массаның қопсыту коэффициенті анықталды, қазылатын блоктан алынатын кеннің жылжуына тікелей қатысты болып жасалды. Техникалық есепте қопсытудың кинематикалық коэффициентін қолдану, блоктан алынатын кеннің практикалық жағдайда 10-12 %-ға теориялық нәтижелерін жоғарлататыны анықталды.
