Тау-кен жыныстарының жылжуын шешудегі тәуекелдерді басқару
Кілт сөздер:
Жерді қашықтықтан зерделеу, геомеханикалық процесстер, интерферометрия, ғарыштық радарлық түсіріс, тау-кен жыныстарының жылжуы, скважиналық рефлектометрия.Аңдатпа
Мақалада заманауи ғарыштық радиолокациондық интерферометрия технологиясының және топографиялық геодезиялық бақылаудың кешендік нәтижелерін қолданып, Жер бетінің кенорындағы әлсіз аймағын геомониторингтік деформациясын бақылау туралы келтірілген. Анненск кенішінде пайдалы қазындыларды өндіру кезінде, тау-кен қазбаларының әр-түрлі жиі торлары ретінде жер бетінің опырылуына және отыруына әкеп соқтыратын мульда түріндегі техногендік процестер жиі кездеседі. Мульда отыру аумақтарында пайдалы қазындылардың біраз қорлары сақталған, олар қазіргі таңда өндіріліп жатқан жоқ. Кенорынның осал аймақтарында тау-кен жынысының шиеленіскен-деформациялық күйін заманауи әдіспен бақылаудың кешендік технологиясы ұсынылды, бұл жұмысты жүргізудің қауіпсіздігінің талаптарын және нормасын сақтап тау-кен жұмыстарының тиіміділігін арттырады.
