Қазақстанда жаздық бидайды егу аймақтарын картаға түсірудің әдістемелік тәсілдері

Авторлар

  • T. L. Tazhibayeva Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • A. I. Abugalieva Казахский НИИ земледелия и растениеводства
  • V. G. Salnikov Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • S. E. Polyakova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • G. K. Turulina Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • A. A. Assylbekova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Кілт сөздер:

жаздық бидай, өнімділік, астық спаасы, ГАЖ технологиясы арқылы картаға түсіру, егістік аймақтары, Қазақстан

Аңдатпа

Қазақстанда тұрақты ауылшаруашылықты дамыту приоритетінің негізі болып жаздық бидайдың сапалы астық өндірісі болып саналады. Ол, жылдан-жылға егістік мөлшерінің елеулі ауытқуларына ұшырауы, климаттық жағдайлар мен егістік аймақтарына да байланысты болып келеді. Қазақстанда жаздық бидайды өсіру аймақтарын картаға түсірудің әдістемелік тәсілдерін талдай келе отырып, астықты сапасы бойынша класстарға бөлу, жылдар бойы табиғат өзгерістеріне бейімделіп келген егістік алқаптары және астық сапасы мен мен өнім беру көресткіштерін ескере отырып пайдаланудың орнықтылығы анықталды.

Қазақстанда жаздық бидайды егу аймақтарын картаға түсіру үшін астық өнімділігі мен сапасы туралы көпжылдық мәліметтерді жинақтап, жүйелеп және оларды өңдеудегі ең тиімді құрал болып ГАЖ технологиялары саналады. Бұл астық өнімінің мөлшері мен сапасы бойынша аэроландшафттық таралау карталарының сериялық жиынтығын құруға мүмкіндік береді.

Жүктеулер

Журналдың саны

Бөлім

Геодезия и картография