Арал маңындағы шаңды және құмды дауылдар

Авторлар

  • G. T. Issanova U.U. Uspanov Kazakh Research Institute of Soil Science and Agrochemistry
  • T. A. Bazarbayeva Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • A. M. Ustemirova U.U. Uspanov Kazakh Research Institute of Soil Science and Agrochemistry

Кілт сөздер:

шаңды дауылдар, шөлдер, құрғақ аймақтар, Арал теңізі

Аңдатпа

Шаңды және құмды дауылдар өте қауіпті табиғат құбылысы және олар Қазақстанның құрғақ және жартылай құрғақ аудандарында кездеседі. Қазақстанның оңтүстік бөлігінде таралған әр түрлі шөлдер минералды және тұзды аэрозольдердің негізгі ошағы болып табылады. Қазақстанда шаңды және құмды дауылдар аймақтың геологиялық құрылысына, жел жылдамдығына және топырағына байланысты біркелкі таралмаған.

Бұл зерттеу жұмысында шаңды және құмды дауылдардың қайталануы бойынша ұзақ мерзімді метеорологиялық мәліметтер, сонымен қатар олардың Қазақстан территориясында аудандастырылуы туралы мағлұматтар қолданылған. Көпжылдық метеорологиялық бақылау мәліметтерін жалпылау және талдау негізінде шаңды және құмды дауылдардың қуатты ошақтары анықталды. Қазақстан территориясында Арал маңындағы Аралқұм және Қызылқұм шөлдерішаңды және құмды дауылдардың қайталануы (жиілілігі)жоғары болатын ошақтар болып табылады. Ең белсенді шаңды және құмды дауылды аймақтар құмды шөлдерде немесе адам әрекеті басым аймақтарда шоғырланған. Шаңды және құмды дауылдар қоршаған орта үшін өте зиян және олар топырақтың жағдайына үлкен кері әсер етеді.

Журналдың саны

Бөлім

Геодезия и картография