ГАЖ техологиясын пайдалана отырып, Алакөл қорығының өсімдік жамылғысының жағдайына мониторинг жасау, бағалау

Авторлар

  • R. K. Karagulova ТОО Института Географии
  • A. R. Tulebaeva Алакольский государственный природный заповедник
  • A. K. Tolepbaeva Казахский национальный технический университет

Кілт сөздер:

қорық, биоәртүрлілік, мониторинг, өсімдік, ГАЖ, ArcGIS, мәліметтер базасы.

Аңдатпа

Мақалада Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының өсімдік жамылғысына мониторинг жүргізу сұрақтары қарастырылады. Далалық жұмыстардың нәтижесінде, үзбей тұрақты мониторинг жүргізу үшін өсімдіктің 26 түрі бөліп алынып, жоғары тамырлы өсімдіктер жан-жақты зерттелді. Мониторинг жасаған кездегі жиналған материалдардан ГАЖ мәліметтердің біртұтас геобазасын құрып, базаға енгізу мен картографиялаудың тәжірибелері қарастырылды. Далалық зерттеулер мен қашықтықтан зондтау материалдары және қазіргі кездегі қолданыстағы картографиялық материалдар базасына сүйене отырып, өсімдік жамылғысының жағдайы мен сапасын бағалау бойынша, инвертаризациялық және мониторингтік процедураларға арналған, «ГАЖ-қорық өсімдігінің мониторингі» атты концептуальдық моделі жасалды.

Журналдың саны

Бөлім

Геодезия и картография