Көкшетау көтерілімінің экзодинамикалық үдерістері
Кілт сөздер:
бедер, бедер ярустылығы, кембриге дейінгі ядро, сақиналы морфоқұрылым, орография, бедерқұрушы үдерістердің дифференциациясы, экзодинамикалық үдеріс, эрозия, дефляция, суффозия, беттік шайылу, техногенді үдеріс.Аңдатпа
Көкшетау көтерілімі геоморфологиялық жағдайы бойынша кембрийге дейінгі іргетастың шығып жатқан жерінде қалыптасқан сақиналы құрылым. Оның географиялық орны, геологиялық-тектоникалық құрылысы, бедер орографиясы экзодинамикалық үдерістердің кеңістіктегі дифференциациясына тән негізгі факторлар болып табылады.Бұл аталған үдерістер флювиалды, гравитациялық-беткейлік, көлдік, геоморфологиялық жүйелерді қалыптастырады. Зерттеліп отырған ауданға негізінен бедердің ярустылығы, биіктік белдеулердің болуы, ерекше табиғи жағдайлар мен ресурстардың, сондай-ақ рекреациялық ресурстардың қалыптасуы тән. Зерттеулер нәтижесінде экзоморфогенездің негізгі үдерістерінің түрілері, даму деңгейі, қоршаған ортаға әсері, кеңістіктегі даму заңдылықтары анықталды.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Геодезия и картография
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Көкшетау көтерілімінің экзодинамикалық үдерістері. (2016). Journal of Geography and Environmental Management, 41(2). https://bulletin-geography.kaznu.kz/index.php/1-geo/article/view/228
