Алматы қаласының ірімасштабты планын жасау
Кілт сөздер:
ірімасштабты план, топографиялық түсірілім, камералды өңдеу, Credo және AutoCAD программалық жүйелері.Аңдатпа
Адамның күнделікті қызметіне елді-мекендердің топографиялық пландарының аса көп маңызы бар. Құрылыс пен жобалау және қалаларда қайта құру ірімасштабты топографиялық түсірілусіз мүмкін емес. Алматы облысындағы жерлердің бір бөлігі қалаға қосылып Алматы қаласының шекарасы өзгергендіктен қала аймағына жаңа ірімасштабты топографиялық планын жасау қажеттілігі туды. Сондай ақ, қарқынды құрылыс және жаңа коммуникацияларды салу топографиялық планның ескіруіне әкеліп соқтырды, енді ол объекттерге айқын ақпарат бере алмайды. Мақалада топографиялық түсіру жүргізудің және және геодезиялық өлшеулердің нәтижесін Credo және AutoCAD программалар жүйелерінің көмегінен камералды өңдеудің заманауи әдістері қарастырылған.
