Павлодар облысы мысалында тұзды көлдердің картасын құрастыру және жобалаудың ерекшеліктері
Кілт сөздер:
тұзды көлдер, рапа, провинция, картографиялық әдістер.Аңдатпа
Бұл жұмыста негізінен зерттелу аумағын жобалау мен карта құрастырудың барлық деңгейлері көрсетілген. Бұл жұмыста картографиялық көздерді талдау әдістері және бастапқы карта құру әдістері қарастырылған. Сонымен қатар, тұзды көлдер туралы мәліметтер, оларды зерттеудің әдістері, өндірістік бағалауы мен барлау жұмыстары келтірілді. Тұзды көлдердің режимі мен булану мөлшеріне тәуелдігіне көп көңіл бөлінді. Тұзды кен орындар провинцияларының генетикалық классификациясы мәліметтері де қозғалды. Және де зерттелу аймақтың өндірістік бағыт мағынасында. Бұл тақырыпты геоақпараттық аспектідеар одан әрі зерттеу және дамыту өте маңызды болып табылады және барлық алынған карта өнімдерін тұз кен орындарын одан әрі зерттеу, және барлау үшін пайдалануға болады.
