ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ТАРИХИ КАРТАЛАРДАҒЫ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҮРКІ ТОПОНИМДЕРІН ЗЕРТТЕУ

Авторлар

DOI:

10.26577/

Кілт сөздер:

Тарихи карталар, Орталық Азия, Қазақстан, түркі топонимдері, зерттеу

Аңдатпа

Орталық Азия мен Қазақстан аумағының тарихи карталары – аймақтың саяси, этнографиялық және мәдени даму динамикасын зерттеуде маңызды дереккөзі болып табылады. ХХ-ғасырдың басынан бері картографиялық зерттеулер көбіне Еуразияның солтүстік және орталық бөліктеріне, сондай-ақ Орталық Азияның көшпелі тайпалар мен қала-мемлекеттер орналасқан кеңістігіне назар аударды. Алайда, тарихи карталардағы түркі топонимдерін жан-жақты талдау, олардың шығу тегін, трансформациясын және географиялық орналасуын зерттеу әлі де өзекті мәселе болып табылады. Зерттеу мақсаты – тарихи карталардағы Орталық Азия мен Қазақстанның түркі топонимдерін зерттеу болды. Зерттеу әдістері ретінде картографиялық талдау, тарихи-географиялық салыстырмалы зерттеу, гидронимдік және оронимдік деректерді тарихи дереккөздермен сәйкестендіру қолданылды. Сондай-ақ, карталардағы саяси, этникалық және әкімшілік белгілердің трансформациясын талдау арқылы топонимдердің тарихи маңызы мен қолданылу ерекшеліктері қарастырылды. Зерттеу нәтижесінде 11 тарихи картаға талдау жасалды, олардың ішінен «ASIA noviter delineata», «La Grande Tartarie», «Imperium Timuri Begi vel Tamerlanis», «Tartariae Sive Magni Chami Regni tÿpus» және «Nieuwe Caart van de  Caspische Zee, met alle desselfs Riviere, Eylanden en Dieptens» атты карталарда түркі топонимдері көп екендігі анықталды. Аталған карталарда Түркістан, Дешті Қыпшақ, Сырдария, Амудария, Самарқанд, Бұхара, Баласағұн, Қазақ даласы және басқа да маңызды түркі топонимдері көп кездесті. Сонымен қатар, карталарда гидронимдер, таулы жүйелер, өзендер мен сауда жолдары, қалалар мен бекіністердің орналасуы нақты көрсетілгендігіне көз жеткіздік. Осылайша, зерттеу нәтижесінде іріктелген ортағасырлық карталар Орталық Азия мен Қазақстанның түркі топонимдерін зерттеу үшін құнды материал болып табылады, әрі оларды қазіргі картографиялық, этнографиялық және тарихи зерттеулерде, сондай-ақ білім беру саласында пайдалану өте маңызды. Осылайша, топонимдердің трансформациясын талдау тарихи сабақтастық пен түркі өркениетінің кеңістіктік ықпалын көрсетуге мүмкіндік береді.

Автор өмірбаяндары

  • Е.Д. Исаков, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университеті

    PhD, қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

  • Ж.С. Низаматдинова, Abai Kazakh National Pedagogical University, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Yessenov University, Есенов университеті

     магистр, аға оқытушы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті; Есенов университеті

  • K. Жоя, Kazakh National Women's Teacher Training University, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

    PhD, аға оқытушы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

Жарияланды

2026-06-20

Журналдың саны

Бөлім

Физикалық , экономикалық және әлеуметтік география