ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖОЛ-КӨЛІК ӨЛІМ-ЖІТІМІНІҢ КЕҢІСТІКТІК ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДЕТЕРМИНАНТТАРЫ: VISION ZERO ЖӘНЕ ТДМ 3.6.1 ТҰРҒЫСЫНАН ТАЛДАУ
DOI:
10.26577/Кілт сөздер:
жол-көлік қауіпсіздігі, жол-көлік оқиғалары, өлім-жітім, Vision Zero, Safe System, iRAP, Тұрақты даму мақсаттарыАңдатпа
Бұл зерттеу Қазақстандағы жол-көлік оқиғалары (ЖКО) мен олардан болатын өлім-жітімнің соңғы жылдардағы динамикасын демографиялық, кеңістіктік және инфрақұрылымдық тұрғыдан кешенді түрде талдауға бағытталған. Зерттеу Тұрақты даму мақсаты 3.6.1, Safe System және Vision Zero тұжырымдамаларының әдіснамалық негізінде жүзеге асырылды. Талдау 2018–2022 жылдар аралығындағы ресми ұлттық статистикаға, халықаралық ұйымдардың (WHO, OECD/ITF) есептеріне және iRAP инфрақұрылымдық қауіпсіздік бағалау деректеріне сүйенеді. Зерттеу нәтижелері Қазақстанда ЖКО санының салыстырмалы түрде төмендеуіне қарамастан, жол-көлік апаттарынан болатын өлім-жітім деңгейінің азаймай отырғанын және кейбір жылдары артқанын көрсетеді. Бұл құбылыс апаттардың жиілігін қысқартуға бағытталған шаралардың олардың салдарының ауырлығын төмендетуге жеткіліксіз екенін айқындайды. Өлім-жітімнің жоғары үлесі елді мекендер ішінде, әсіресе жаяу жүргіншілер мен кәмелетке толмағандар арасында тіркелуі қалалық жол инфрақұрылымының қауіпсіздік тұрғысынан әлсіз жобаланғанын көрсетеді. iRAP бағалауы жол желісінің басым бөлігінің 1–3 жұлдызды қауіпсіздік деңгейіне ие екенін анықтап, инфрақұрылымдық факторлардың шешуші рөлін дәлелдейді. Зерттеу Қазақстанның жол қауіпсіздігі саласындағы қазіргі саясаты ТДМ 3.6.1 мақсаттарына жету үшін жеткіліксіз екенін және Vision Zero қағидаттарына негізделген жүйелік, алдын алуға бағытталған стратегияларды енгізу қажеттігін көрсетеді. Алынған нәтижелер жол қауіпсіздігін кеңістіктік жоспарлау мен инфрақұрылымдық саясатты қайта қарау арқылы жақсартуға ғылыми негіз ұсынады.
