MODIS СПУТНИКТІК МОНИТОРИНГ ДЕРЕКТЕРІ БОЙЫНША БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ АУМАҒЫНДАҒЫ ТАЗА БАСТАПҚЫ ӨНІМДІЛІКТІҢ (NPP) ОНЖЫЛДЫҚ ӨЗГЕРІСТЕРІ
DOI:
10.26577/JGEM81220267Кілт сөздер:
таза бастапқы өнімділік (NPP), қашықтықтан зондтау, MODIS, Батыс Қазақстан облысыАңдатпа
Бұл мақалада MODIS спутниктік деректері негізінде 2010–2022 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысы аумағындағы таза бастапқы өнімділіктің (NPP) кеңістіктік-уақыттық динамикасына бағалау жүргізілді. Деректерді өңдеу және көрсеткіштерді есептеу Google Earth Engine бұлттық есептеу платформасында жүзеге асырылды. NPP-нің кеңістіктік заңдылықтары мен ұзақ мерзімді трендтері жылдық уақыттық қатарлар бойынша әрбір пиксель үшін сызықтық регрессия әдісі арқылы анықталды. Зерттеу нәтижелері аймақтың табиғи-климаттық ерекшеліктеріне байланысты NPP-нің айқын кеңістіктік біркелкі еместігін көрсетті. Өнімділіктің жоғары мәндері солтүстік аудандарда және өзен аңғарларында тұрақты түрде байқалса, облыстың оңтүстік және оңтүстік-батыс бөліктері төмен өнімділікпен сипатталады. NPP-нің жылдар бойынша өзгергіштігі жоғары болып, 2015 жылы айқын төмендеу, ал 2016–2017 жылдары қалпына келу үрдісі байқалды. Трендтік талдау зерттелген кезеңде NPP оң бағытты, бірақ кеңістіктік тұрғыдан әркелкі өзгерістерінің басым екенін көрсетті. Корреляциялық талдау Батыс Қазақстан облысындағы өсімдік жамылғысының өнімділігі негізінен атмосфералық жауын-шашынның өзгергіштігімен анықталатынын, ал температураның әсері ылғал тапшылығы жағдайында күшейетін аймақтық әркелкі сипатқа ие екенін көрсетті. Алынған нәтижелер өңір экожүйелерінің климаттық өзгергіштікке жоғары сезімталдығын айқындап, аридті және семиаридті ландшафттарда өсімдік жамылғысын мониторингілеу мен экожүйе тұрақтылығын бағалау үшін NPP көрсеткішінің маңыздылығын растайды.
