БИЛІКӨЛ КӨЛІ СУЫНДАҒЫ ОТТЕГІНІҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ТҰТЫНЫЛУЫ (ҚАЗАҚСТАН)
DOI:
10.26577/Кілт сөздер:
органикалық заттар, ХПК(Cr), БПК, су ластануы, еріген оттегіАңдатпа
Мақалада Билікөл көлінің суындағы органикалық ластану көрсеткіштерінің (ХПК(Cr), БПК₅) және еріген оттегінің көпжылдық (2007–2024 жж., 2025 жылдың жазы) өзгерістерін сипаттайтын химиялық талдау нәтижелері ұсынылды. Билікөл көліндегі биологиялық және химиялық оттегі тұтыну көрсеткіштерінің режимі мен динамикасы жыл мезгіліне, өткен жылдардағы антропогендік әсерге және көлдің гидрологиялық ерекшеліктеріне тәуелді. Маусымдық өзгергіштік көктемгі су тасқыны кезінде көлге органикалық заттардың қосымша түсуімен, Аса өзеніндегі жоғары орналасқан Ақкөл су қоймасынан жіберілетін су көлемінің жиілігі мен қарқындылығымен, сондай-ақ «су – түптік шөгінділер» жүйесінде үздіксіз жүретін ішкі суқоймалық үдерістермен байланысты.
ХПК(Cr)/БПК₅ қатынасының орташа мәні 4,24 болды, бұл суда биологиялық ыдырауы қиын органикалық қосылыстардың болуы мүмкін екенін көрсетеді. Әртүрлі маусымдардағы көпжылдық қатарда ХПК(Cr) мен БПК₅ көрсеткіштерінің айқын заңдылығы анықталған жоқ. Дегенмен, 2013 жылдан бастап бұл көрсеткіштердің біртіндеп төмендеу үрдісі байқалады. Бұл Билікөлге органикалық заттар мөлшері төмен санитарлық су жіберілімдерінің артуымен және суқоймадағы өзін-өзі тазарту үдерістерін күшейтетін ішкі гидробиохимиялық процестердің белсенділігімен түсіндіріледі. ХПК(Cr) және БПК₅ көрсеткіштері бойынша Билікөл суының сапасы балық шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын су объектілеріне қойылатын нормативтік талаптарға сәйкес келмейді.
