«ШУ-ІЛЕ ТАУЛАРЫНЫҢ ЛАНДШАФТТАРЫ»: ЖАҢАРТЫЛҒАН КРИТЕРИЙЛЕР БОЙЫНША ҚАЗАҚСТАНДА ОҚШАУЛАНҒАН БОТАНИКАЛЫҚ ТЕРРИТОРИЯНЫ БӨЛІП КӨРСЕТУДІҢ АЛҒАШҚЫ ТӘЖІРИБЕСІ

Авторлар

DOI:

10.26577/JGEM81220261

Кілт сөздер:

оқшауланған ботаникалық территориялар (ОБТ), Incarvillea semiretschenskia, Шу-Іле таулары, IUCN шарттары, биоалуандықты сақтау

Аңдатпа

Қазақстанның айқын биогеографиялық мозаикалылығы жағдайында оқшауланған ботаникалық территорияларды (ОБТ/КБТ) белгілеу елдің өсімдік жамылғысын сақтауға бағытталған шараларды кеңістіктік тұрғыдан басымдықпен жоспарлаудың практикалық құралы ретінде қарастырылады. Оқшауланған ботаникалық территорияларды бөлу шарттарының Қазақстан жағдайына бейімдеу нәтижелерін биоалуандықтың оқшауланған аудандарын (БОА/КРБ) бөлумен үйлестіру нәтижелері берілген. Шу-Іле тауларын (IPA-KZ-IS) мысал ретінде алып, локализацияланған A–C шарттарының міндетті түрде таксономияда қолдану сенімділігі растау (POWO, WCVP, IPNI) мен әртекті дереккөздерді (GBIF, iNaturalist, гербарий, далалық зерттеулер) біріктіре қолдану мүмкіндігі айқындалды. Шөлденген далалардағы ксеропетрофиттік қауымдастықтардың географиялық шекаралары мен түрлік құрамы анықталып, палеоэндемик Incarvillea semiretschenskia түрінің жаһандық популяциясының шамамен 90%-ы осы өңірде шоғырланғаны және тар ареалды эндемиктердің, соның ішінде Tulipa regelii түрінің кездесетіні көрсетілді. Бұл A1, A3, A4, B2, B3 шарт бөліктерін, ал өңірлік түсіндірмеде C3 шарт бөлігін қолдануға болатынын көрсетеді. Практикалық ұсыныстар құрастырылған: ОБТ жазбаларының стандартталған бланкы, мекенорындарын, қатерлер мен жер пайдалану түрлерін кодтау жүйесін үйлестіру (IUCN Habitats v3.1; IUCN-CMP Threats v3.2), аумақ шекараларын картографиялау және ОБТ нысандарын ЕҚТТ мен ұлттық қорғалатын табиғи аумақтар мен OECM желілеріне үйлестіруге, сондай-ақ 30×30 жаһандық биоалуандықты сақтау мақсаттарына жету аясында аумақтық жоспарлау құралдарына енгізу ұсынылады.

Автор өмірбаяндары

  • А.В. Дубынин, РГП на ПХВ КЛХЖМ МЭПР РК “Институт ботаники и фитоинтродукции”, Алматы, Казахстан, ҚР ЭТРМ ОШЖҚ КЛХЖМ «Ботаника және фитоинтродукция институты» РМК, RSE on the Right of Economic Management “Institute of Botany and Phytointroduction”, RSE on the Right of Economic Management “Institute of Botany and Phytointroduction”

    (хат-хабарға жауапты автор) — Геоботаника зертханасының ғылыми қызметкері, Ботаника және фитоинтродукция институты

  • В.Г. Эпиктетов, ҚР ЭТРМ ОШЖҚ КЛХЖМ «Ботаника және фитоинтродукция институты» РМК, Алматы, Қазақстан

    Дендрология зертханасының аға ғылыми қызметкері, Ботаника және фитоинтродукция институты

  • Л.А. Димеева, ҚР ЭТРМ ОШЖҚ КЛХЖМ «Ботаника және фитоинтродукция институты» РМК, Алматы, Қазақстан

    биология ғылымдарының докторы, профессор, Геоботаника зертханасының меңгерушісі, Ботаника және фитоинтродукция институты

  • А.А. Курмантаева, ҚР ЭТРМ ОШЖҚ КЛХЖМ «Ботаника және фитоинтродукция институты» РМК, Алматы, Қазақстан

    биология ғылымдарының кандидаты, Геоботаника зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, Ботаника және фитоинтродукция институт

Жарияланды

2026-06-20

Журналдың саны

Бөлім

Физикалық , экономикалық және әлеуметтік география