ГЕОГРАФИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ИНДЕКСІ – МЕКТЕП ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОЙЛАУДЫ БАҒАЛАУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JGEM202579411

Кілт сөздер:

географиялық мәдениет, географиялық мәдениет индексі (ГМИ), кеңістіктік ойлау, картографиялық сауаттылық

Аңдатпа

Мақалада Geographical Culture Index (GCI) моделі негізінде географиялық мәдениетті бағалау және дамыту тәсілдері қарастырылған. Зерттеудің мақсаты – мектеп пен жоғары оқу орындары деңгейінде географиялық мәдениеттің негізгі компоненттерін (C1-C5) диагностикалау және педагогикалық интервенцияның тиімділігін анықтау.

Зерттеу Алматы қаласы, Бостандық ауданы №81 мектеп-гимназиясында және Алматы гуманитарлық-экономикалық университетінің «Жаратылыстану педагогикасы және денешынықтыру» кафедрасы базасында жүргізілді. Барлығы N = 239 қатысушы зерттеуге ерікті түрде қатысты, олардың ішінде 10-11-сыныптың 143 оқушысы және «6В01503 – География мұғалімдерін даярлау» мамандығының 1-2 курсында оқитын 96 студент бар.

Әдістемелік негіз ретінде аралас әдіс (mixed-methods) қолданылды: сандық деректер ANOVA талдауы арқылы өңделсе, сапалық нәтижелер сабақ барысындағы бақылау және рефлексиялық сұхбаттар негізінде бағаланды. Cronbach’s α = 0.82 көрсеткіші GCI құралының ішкі сәйкестігі мен сенімділігін дәлелдеді.

Нәтижелер бойынша барлық компоненттерде оң динамика байқалды: кеңістіктік ойлау (+12%), картографиялық сауаттылық (+15%), әдістерді қолдану (+16%), деректер мен модельдеу (+16%) және географиялық бейне мен дүниетаным (+17%). Интервенция нәтижелері GCI моделінің мектеп және жоғары оқу орындары деңгейінде географиялық мәдениетті қалыптастыру мен бағалауда тиімді құрал екенін көрсетті.

Зерттеу қорытындылары географиялық білім беруде интеграциялық және құндылықтық тәсілдердің маңыздылығын айқындап, педагогикалық диагностиканың жаңа бағыттарын ұсынады.

Автор өмірбаяндары

  • О. Амангелди, Алматы гуманитарлық-экономикалық университеті

    «Жаратылыстану педагогикасы және денешынықтыру» кафедрасының аға оқытушысы, Алматы гуманитарлық-экономикалық университеті

  • К.Д. Дүйсебаева, Алматы гуманитарлық-экономикалық университеті

    г.ғ.к., Алматы гуманитарлық-экономикалық университет

  • A. Қырбасов, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университеті

    Абай атындағы ҚазҰПУ-дың докторанты

  • Н. Умирзакова, Алматы гуманитарлық-экономикалық университеті

    PhD, «Жаратылыстану педагогикасы және денешынықтыру» кафедрасының аға оқытушысы, Алматы гуманитарлық-экономикалық университет

  • T. Курт, Gazi University

    PhD, Білім Беру Факультетінің қауымдастырылған профессоры, Гази университеті

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-26

Журналдың саны

Бөлім

Географиялық білім -беру