АГРОЛАНДШАФТТАРДЫҢ КЕҢІСТІКТІК-УАҚЫТТЫҚ ӨЗГЕРІСТЕРІН ГЕОЖҮЙЕЛІК ТҰРҒЫДАН ТАЛДАУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JGEM20257833

Кілт сөздер:

агроландшафт, геожүйелік талдау, қашықтықтан зондтау, NDVI, NDWI, pansharpening, топырақ ылғалдылығы

Аңдатпа

Климаттың жаһандық өзгерістері мен гидрометеорологиялық жағдайлардың тұрақсыздығы аймақтардың ауыл шаруашылығының дамуы мен өнімділігіне тікелей әсер етуде. Осыған байланысты агроландшафттардың физикалық-географиялық жағдайын  геожүйелік тұрғыдан бағалау, сондай-ақ олардың өсімдік жамылғысы мен топырақ ылғалдылығының кеңістіктік және маусымдық өзгерістерін қашықтықтан зондтау деректері негізінде зерделеу – бүгінгі күннің өзекті ғылыми міндеттерінің бірі болып табылады. Зерттеу нысаны ретінде Алматы облысы, Ұйғыр ауданы аумағындағы Шарын өзенінің атыраулық жазығында орналасқан агроландшафттар алынды. Ғылыми жұмыстың мақсаты – Sentinel-2 спутниктік деректері мен EOSDA платформасының аналитикалық модульдерін пайдалана отырып, NDVI және NDWI индекстері негізінде агроландшафтардың кеңістіктік-уақыттық динамикасын бақылау және геожүйелік талдау жүргізу. Дереккөз ретінде Sentinel-2 спутниктік кескіндері, ЖЦВК (жылдық циклдің вегетациялық кезеңі) көрсеткіштері бойынша климаттық параметрлер пайдаланылды. Спутниктік деректер Gram-Schmidt алгоритміне негізделген pansharpening әдісі арқылы өңделіп, мультиспектралды кескіндердің кеңістіктік айқындылығы арттырылды. Зерттеу нәтижелері өсімдік жамылғысының тығыздығы мен топырақ ылғалдылығының маусымдық өзгерістерін бағалауға, сондай-ақ  агроландшафттық жүйелердің экологиялық жағдайын кешенді түрде түсінуге мүмкіндік береді. Бұл тәсіл жер ресурстарын басқару, ауыл шаруашылығын жоспарлау және геоақпараттық мониторинг жүйелерін жетілдіру тұрғысынан ғылыми әрі қолданбалы маңызға ие.

 

Автор өмірбаяндары

  • Б.С. Керимбай, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

    Керімбай Баян – PhD докторы, «І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» ҰӘҚ жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің аға оқытушысы (Талдықорған, Қазақстан, e-mail: bayan.kerimbay.65@mail.ru);

  • К.М. Баймырзаев, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

    Баймырзаев Қуат – «І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» ҒЗИ биотехнология және экология директоры (Талдықорған, Қазақстан, e-mail: baimyrzaev_km@zhgu.kz);

  • Н.Н. Керімбай, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

    (хат-хабарларға арналған автор) - география ғылымдарының кандидаты,
    қауымдастырылған профессор, «І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» КЕ АҚ, Биотехнология және Экология Ғылыми зерттеу институтының экология зертханасының меңгерушісі

  • М.Б. Бақыт, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    Бақыт Мөлдір – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ картография және геоинформатика кафедрасының «8D07303 – картография» мамандығының докторанты (Алматы, Қазақстан, e-mail: m.bakhyt66@gmail.com);

  • С.Қ. Тәженова , «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» ҰАО

    Тәженова Сандуғаш – география магистрі, «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» ҰАО Жаратылыстану ғылымдары институтының аға оқытушысы (Қызылорда, Қазақстан, e-mail: sandugash_77.09@mail.ru);

     

Жүктеулер

Жарияланды

2025-09-30

Журналдың саны

Бөлім

Физикалық , экономикалық және әлеуметтік география