ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АПИТУРИЗМНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JGEM202577210

Кілт сөздер:

ара шаруашылығы, бал, апитуризм, омарта, Қазақстан, SWOT талдау

Аңдатпа

Бұл мақалада Қазақстанда туризмді дамытудың перспективалы бағыттарының бірі болып табылатын апитуризм қарастырылған. Апитуризм бұл туризм түрі аралармен, олардың өнімдерімен және олардың дәмі мен тұтынуымен байланысты. Апитуризм-біздің әлемнің экожүйесімен тығыз байланысты туризмнің бір түрі. Апитуризмді дамыта отырып, біз ара өнімдерінің сауықтыру әлеуетін біліп қана қоймай, табиғатқа деген сүйіспеншілік пен қамқорлықты, сондай-ақ туристердің қоршаған ортаға деген жауапкершілік қасиеттерін дамытамыз. Бұл зерттеудің мақсаты туризмнің осы түрін дамыту перспективасы, сондай-ақ оны Қазақстанда дамыту мүмкіндігі болды. Зерттеу нәтижесінде апитуризмді дамытудағы халықаралық тәжірибеге салыстырмалы талдау, сонымен қатар әлеуметтік сауалнама және Қазақстандағы апитуризмнің даму перспективаларын бағалайтын SWOT талдауы жүргізілді. Халықаралық тәжірибені игеруге қатысты жалпы ұсыныстардан нақты іс-шараларға көшу үшін бірқатар практикалық қадамдар ұсынылады. Ең алдымен, омарта шаруашылығының әлеуеті жоғары өңірлерде, мысалы, Шығыс Қазақстан мен Жетісу аймақтарында пилоттық туристік бағыттарды әзірлеу қажет. Бұл бағыттар шағын омарта үйлерін орнатуды, санитарлық аймақтарды ұйымдастыруды және келушілерді ақпараттандыруға арналған стендтерді қамтуы мүмкін. Адами капиталға ерекше көңіл бөлінуі тиіс: университеттер мен мамандандырылған оқу орталықтарының базасында омарташыларға, туристік гидтерге және агротуризм операторларына арналған қысқа мерзімді оқыту курстары мен сертификаттау бағдарламаларын іске қосу ұсынылады. Сонымен қатар, омарташылар мен туристік агенттіктер арасында тәжірибе алмасуға арналған онлайн-платформа құру мүмкіндігі қарастырылады. Халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, омарта  шаруашылығы мен туризмді біріктіру саласында мамандарды шетелге тағылымдамадан өтуге жіберу де ұсынылады

Автор өмірбаяндары

  • К.Н. Мухамбетова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистранты

  • А.Е. Молдагалиева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    г.ғ.к., әл-Фараби атындағы Казақ ұлттық университеті

  • М. Козак, Kadir Has University

    Кадир Хас университетінің Байланыс факультеті деканының орынбасары

  • А.С. Актымбаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    г.ғ.к., әл-Фараби атындағы Казақ ұлттық университетінің доценті

  • Ж.М. Асипова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    PhD, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті

  • К.А. Темирбаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    (the author for correspondence) - PhD, Senior Lecturer, Al-Farabi Kazakh National University; Senior Research Fellow, Kazakh Research Institute of Livestock and Fodder Production

  • Б.И. Актымбаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    э.ғ.к., әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-23

Журналдың саны

Бөлім

Рекреациялық география және туризм